Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 3 полицей сотталды

120

Сот барысында үшеуі де өз кінәларын мойындаған жоқ.  

Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 3 полицей сотталды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының абыройын түсіретін видеоны таратамыз деп қорқытқан полицейлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот ісі Өскемен қалалық №2 сотында қаралды. Анықталғандай, полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке өміріне қатысты деректерді біліп, одан ақша бопсалау үшін алдын ала сөз байласқан.

Содан соң ер адамға абыройына нұқсан келтіретін видеоны көрсеткен. Ол болса тәртіп сақшыларының талабына көніп, 3 млн теңге берген. 

"Айыпталушылар ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (өзiне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) және 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы топпен бопсалау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 6 жылға, екеуі 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

Үшеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу