ШҚО тұрғыны 115 млн теңгеге жуық алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шығыс Қазақстан полицейлеріне алаяқтық туралы өтінішпен облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Жәбірленушіге 2020 жылы танысы “кәсібім үшін қажет” деген сылтаумен оны үлкен сомаға алдағанын хабарлаған.
Ер адам әртүрлі бизнес түрлерімен айналысқысы келетінін яғни, қайта сату үшін автомобильдер сатып алу, металл өндіру үшін экскаватор сатып алу, азық-түлік жеткізетін фирманы, оны пайдалану үшін қымбат шетелдік машинаны сатып алатынын айтып, шебер айла-шарғы жасап, жаңылыстырып, жәбірленушіден ақша алғаны белгілі болды. Сонымен қатар ол оған әйгілі брендтердің көшірмелерін сатуға көмектесуге уәде берген, бірақ оларды иемденіп алып, қайтармаған.
Қазіргі уақытта залалдың жалпы сомасы 114 миллион теңгеден асады. Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті анықталды. Ол бұрын сотталған және қазір осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазасын өтеп жатқан 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.