Шығыс Қазақстанда алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін

374

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14-16 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден "112" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу