Шығыс Қазақстанда алтын кенін өндіретін жаңа зауыт салынады

1121

Шығыс Қазақстанда алтын кенін өндіретін жаңа зауыт салынады

ШҚО-да алтын кенін өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы инфрақұрылымның даму барысы жайлы есебінде Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік өндіріс көлемі шамамен 6,5 млн теңгені құрады. Ауданда индустриялық бағыттағы екі жоба жүзеге асырылады. "Горняк өз бетімен алтын іздеушілер артелі" жалпы қуаттылығы жылына 250 мың тонна кен құрайтын алтын кенін өндіретін зауыт тұрғызады. Жобаны жүзеге асыруға 7,7 млрд теңге бөлінген. Жаңғызтөбе ауылында "Жаңғыз - Солар" компаниясы қуаттылығы 30 мегаватт электр станциясының құрылысын дайындап жатыр. 

"Соңғы үш жылда республикалық тасжолдары бойында "Керуен", "Маралды", "Жол болсын" сынды ірі жол бойындағы кемпингтер салынып, жолаушыларға барлық қажетті қызметтерді ұсынып отыр. Бұрынғы аудандық автовокзал базасында 20 орындық кешен пайдалануға берілді, оған қонақүй, асхана және автовокзал кіреді", - деді Нұрлан Сыдықов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу