Шығыс Қазақстанда атақты шипажай мемлекетке қайтарылды

178

Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Шығыс Қазақстанда атақты шипажай мемлекетке қайтарылды Фото: ШҚО әкімдігі

"Рахман қайнары" шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, "Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу