Шығыс Қазақстанда ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысына қатысты 1300-ден астам шағым түскен

606

Сақтандырылмаған азаматтар аз емес.

Шығыс Қазақстанда ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысына қатысты 1300-ден астам шағым түскен Фото: google

Шығыс Қазақстанда 130 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл жүйе 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, толық іске аспаған, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Нұрлан Кідірбаев мәлімдеді.

- Бұл жүйе 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан әлі де сақтандырылмаған азаматтар аз емес. Жалпы өңір бойынша сақтандырылғандар саны 617 061 адамды құрайды. Бұл - Шығыс Қазақстан халқының 82,3 пайызы, - дейді Нұрлан Кідірбаев.

Халықты ақпараттандыру мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында жұртшылықпен кездесулер өткізілуде. Осы желтоқсан айында Ұлан, Глубокое, Шемонаиха аудандары, Алтай, Серебрянск қалалары қамтылған.

Айта кетейік, облыс бойынша жыл басынан бері ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысына қатысты 1300-ден астам шағым түскен

- Жыл басынан бері тұрғындар тарапынан қор филиалына 29 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Оның ішінде ауруханалар мен дәрігерлердің жұмысына қатысты 1 340 шағым жасалған. Өтініштердің басым бөлігі, нақты айтқанда 78,6%-ы 1406 байланыс орталығы арқылы түскен. Әр шағым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қабылданды, - дейді Нұрлан Кідірбаев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу