Шығыс Қазақстанда аутизммен ауыратын 12 жасар бала іздестіріліп жатыр

529

Шығыс Қазақстанда аутизммен ауыратын 12 жасар бала іздестіріліп жатыр. Ол сөйлемейді, деп жазады inbusiness.kz. 

Шығыс Қазақстанда аутизммен ауыратын 12 жасар бала іздестіріліп жатыр

"Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары белсенді жалғасуда. Жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Оған немқұрайлы емес азаматтар қажетті мәлімет алу үшін жүгіне алады және іздестіру іс-шараларына қатыса алады", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бала Согра кентіндегі үйінен түнгі сағат 02:30-да кетіп қалған. Оны іздеуге полиция, Ұлттық гвардия, Төтенше жағдай департаменті және еріктілер бар барлығы 500 адам қатысып жатыр. Қызметтік иттердің көмегімен аулалар мен шаруашылық құрылыстары да тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу