Табиғи өсім 3920 болса, сыртқа кеткендер – 7771. Ресми мәлімет бойынша, 3851 адам кеміген, деп хабарлайды inbusiness.kz ШҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментіне сілтеме беріп.
Департамент сайтында жарияланған деректері бойынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс халқының саны 1,3 миллионнан астам адам.
Өскемен мен Семейде тұрғындар саны артқан. Қалған қалалар мен аудандарда халықтың азаю үрдісі байқалады. Риддерде 483 тұрғын, Курчатовта 68 адам азайды. Халықтың кемуі бойынша Алтай (680), Глубокое (621), Үржар (594), Шемонаиха (554) сынды төрт аудан антилидер болып отыр.
Облыста негізінен ауыл халқының саны азайды. Егер 2021 жылдың басында 512 325 адам болса, 1 қыркүйекте 506 999 адам қалған.
Ал қалада, шамамен, 1,5 мың адам өсті (жыл басында 851 472 адам, 1 қыркүйекте 852 947 адам тіркелген).