Шығыс Қазақстанда әжей жертөлеге құлап, жарты күн жатқан

317

Оны түстен кейін ғана көршілері естіпті. 

Шығыс Қазақстанда әжей жертөлеге құлап, жарты күн жатқан Фото: ШҚО ІІД

Шығыс Қазақстан облысындағы Первомайский ауылында зейнеткер жертөледе жарты күн жатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зейнеткер тосап алу үшін таңғы 4-те жертөлеге түспек болып, ішіне сүрініп құлаған. Содан кейін өздігінен орнынан тұра алмапты. Осылай жарты күн жердің астында жатқан. Түскі астан кейін ғана көршілері оның айғайын естіп, жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан.

“Оқиға орнына учаскелік инспекторлар Азамат Балтабаев пен Орал Азамбаев жедел жеткен. Құтқарушылар мен полицейлер арқанның көмегімен зейнеткерді жертөледен шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Қазір әже медициналық мекемеде мамандардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу