Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған

186

Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған

ШҚО-да прокурорлар балабақшада бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Катюша бала-бақшасы" КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегені анықталды.

Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жүргізілді.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуға сотталды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу