Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрт сөндірілді

439

Қол жетпейтін жерлерде өртті сөндіруде облыстық әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды.

Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрт сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

Орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығында және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығында (Өскеменнің шеті) құрғақ шөптің жануы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 маусымынан бастап Ұлан ауданында жалпы ауданы 5 гектарды құрайтын өртпен, 27 маусым сағат 11.00-ден бастап Өскеменнің шетіндегі өртпен арпалысып, жалпы ауданы 14,2 гектар өрт сөндірілді.

"Бұл екі өртті сөндіру жұмыстарын таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырды. Бұл өртті бірден үлкен аумаққа таратты. Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін, екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол бермеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу