18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте шамамен 2,5 га.аумақта жалғыз өскен ағаштар өртенді.
Жедел түрде Казавиаорманкүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, "Қазавиаорманкүзеті" ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу