Шығыс Қазақстанда бір үйдің екі баласын ит талап тастады

341

Балалардың біріне шұғыл түрде ота жасалған. 

Шығыс Қазақстанда бір үйдің екі баласын ит талап тастады Фото: Inbusiness.kz

Шығыс Қазақстанда бір үйдің екі баласын көршісінің иті талап тастаған. Оқиға Глубокое ауданының Белоусовка ауылында болған. 

Ит қапқан екі бала қазір облыс орталығындағы Ана мен бала орталығында жатыр. Балалардың біріне шұғыл түрде ота жасалған.

Ақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

"Ит қапқан бір үйдің екі баласы облыстық Ана мен бала орталығына түсті. Бірі 21 қараша, екіншісі 25 қараша күні жеткізілген. Екеуі де қазір стационарда ем алып жатыр. Біреуі көз микрохирургиясы бөлімшесінде, екіншісі нейрохирургия бөлімшесінде. Бір баланың көзінің маңайы, қабағынан жарақат алғандықтан шұғыл ота жасалды" , - деді басқармасының баспасөз хатшысы Асем Қайратбек. 

Балалардың бірі бастапқыда ауруханаға түскенде өзін ит қапқанын айтпаған. Ол құлап, маңдайын шыны кесіп кетті деген. Бірақ кейін шындығын айтқан көрінеді. Белгілі болғандай, балалар әдеттегідей көршісінің үйіне ойнауға барған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу