Шығыс Қазақстанда бірнеше ауылды су басты

460

Бұл жұмысқа жалпы 50 маман мен 15 техника жұмылдырылды. 

Шығыс Қазақстанда бірнеше ауылды су басты Фото: astanatv.kz
Күн райының күрт жылынуы салдарынан шығыстағы Зайсан қаласы мен Қатонқарағай ауданындағы Жұлдыз және Көкбастау ауылдарын қарғын су басты, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

Таудан еріген қар суы Зайсанда екі көшеге жайылды. Төтенше жағдай бөлімі мен аудандағы коммуналдық сала мамандары бірілесе қимылдап, суды арықтарға бағыттады.

Бұл жұмысқа жалпы 50 маман мен 15 техника жұмылдырылды. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ.

Ал Қатонқарағайдағы екі ауылдың шеткі көшелерін су басқан кезде мамандар бірден қимылдап, жолын бөгеді. 30 тоннаға жуық қиыршық тас төгілді.

Үйлердің ауласына жиналған су арнайы құрылғымен сорғызылды. Өскемен қаласындағы Ахмер кентіндегі бірнеше тұрғын үйдің ауласын да су басты.

Коммуналдық сала мамандары 5 техникамен келіп, суды арықтарға бұрып, жеке үйлерді қоршап қиыршық тас төкті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу