Шығыс Қазақстанда боранда қалған 12 ресейлік құтқарылды

546

Боранда қалғандардың арасында екі бала бар. 

Шығыс Қазақстанда боранда қалған 12 ресейлік құтқарылды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Республикалық маңызы бар "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тасжолының Шемонаиха ауданындағы учаскесінде ақтүтек боран салдарынан 12 адам жолда қалған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, боранда қалғандардың арасында екі бала бар. 

- Хабар түсе салысымен оларға көмекке жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" автокөлігімен келіп жетті. 12 ресейлік, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірілді, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта шетелдіктер Шемонаиха қаласындағы қонақ үйге орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақпен қамтамасыз етті. 

Осы сәтте өңірде 15 тасжол жабық күйінде қалып отыр. Құтқарушылар азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу