Шығыс Қазақстанда боранда қалған 5 адам құтқарылды

593

Азаматтар жақын маңдағы туыстарының үйлеріне орналастырылды.  

Шығыс Қазақстанда боранда қалған 5 адам құтқарылды Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күннен бері жаяу бұрқасын соғып, көлік қозғалысына айтарлықтай қиындық туғызды. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары боранда қалған 5 адам эвакуациялады.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 желтоқсанда сағат 23.35 шамасында Ұлан ауданындағы Бозанбай және Ақжартас ауылдарының арасында "УАЗ Патриот" автокөлігінде отырған 5 адам боранда қалған.

- Олар құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 5 адамды жақын маңдағы Бозанбай ауылына жеткізді. Азаматтар онда тұратын туыстарының үйлеріне орналасты, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ТЖД аймақтағы қатты жел мен боран туралы өңір жұртшылығына алдын ала ескерткен болатын. Құтқарушылар халықтан қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу