Шығыс Қазақстанда екі қалаға "Сергек" камералары орнатылады

545

Өткен жылы Өскеменде 130 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.

Шығыс Қазақстанда екі қалаға "Сергек" камералары орнатылады Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстанда Өскемен қаласынан бөлек Алтай мен Риддер қалаларында да "Сергек" камералары орнатылатын болды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір тек Өскемен қаласында ғана құрылғы істеп тұр екен. Қалған екі қала да көп ұзамай жүйеге қосылады. 

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлім етті.

"Сергек" бейнебақылау жүйесінің арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны айтарлықтай азайғаны байқалып отыр. Сондай-ақ, жасалған қылмысты жедел ашу көрсеткіштері де жақсарған. Енді Алтайда – 154, Риддерде – 249 камера орнатылады, - дейді Алмасхан Сматлаев.

Белгілі болғандай камералар көше қиылыстарында, адам көп жүретін қоғамдық орындарда орнатылады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2022 жылы Өскеменде қала бойынша 151 323 әкімшілік құқық бұзушылық автоматты түрде тіркелген. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері – 135 986. Соның нәтижесінде 130 млн теңгеден астам айыппұл өндіріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу