Шығыс Қазақстанда екі кенші топырақ астында қалды

527

Глубокое ауданында жұмыс барысында екі кеншіні топырақ басып қалды. Олардың бірі ауруханаға жеткізілді, екіншісін құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. 

Шығыс Қазақстанда екі кенші топырақ астында қалды Фото: Inbusiness.kz

Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды.

Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл - қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі, деп түсіндірді  KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов.

ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, үңгушілер тау-кен массасы опырылған кезде жерасты қазбасында жұмыс істеп жатқан, соның ағыны жұмысшылардың бірін  төмен тартып алып кеткен көрінеді.

Барлық апаттық-құтқару жұмыстары мен оқиғаның себептерін анықтау облыстық биліктің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу