Шығыс Қазақстанда экспортқа шығаратын дақылдар өндірісі кеңейтілуде

1033

Шығыс Қазақстан суармалы жерлерде көпжылдық жем-шөп дақылдарын өсіріп, жыл сайын жоғары өнім алады.  

Шығыс Қазақстанда экспортқа шығаратын дақылдар өндірісі кеңейтілуде

Осы ретте, экспортқа шығаратын дақылдардың өндірісін кеңейту және көлемін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өсімдік шаруашылығының дамуы туралы баяндады.

Күзгі жиын-теріннің қорытындысы бойынша жалпы өнім жинау 340 млрд. теңгеге бағаланып, өткен жылға қарағанда 130%-ға өсті. Барлығы 804 мың тонна дәнді дақылдар жиналса, соның 626 тоннасы майлы дақылдар.

- Әлемде бұршақ және майлы дақылдарға сұраныс жоғары. Ең үлкен тұтынушы – Қытай. Ол жыл сайын көп мөлшерде май мен май тұқымын сатып алуға дайын. Бүгінгі таңда елімізде өсірілетін күнбағыстың 66%-ы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Сондықтан өсімдік майының алуан түрін өндіру бойынша көшбасшы болатын мүмкіндігіміз зор. Майлы дақылдар егістігін 23%-дан 40%-ға дейін ұлғайту қажет, - деді аймақ басшысы.
Облыста майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша үш ірі жоба іске асырылуда. Жобаларды іске қосу өңдеу көлемін жылына 700 мың тонна май мен тұқымға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл тағы да егіс алқаптарының кеңеюіне және шикізат базасының нығаюына ықпал етеді. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 30 млрд. теңгеден асады.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстанда әзірленген өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес тиімділігі жоғары дақылдардың, атап айтқанда жүгері, соя, рапс алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу