Шығыс Қазақстанда электр энергиясын заңсыз сату схемасы әшкереленді

159

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана жүзеге асырылуы тиіс. 

Шығыс Қазақстанда электр энергиясын заңсыз сату схемасы әшкереленді Фото: ҚМА

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп 9 млрд теңгеден астам сомаға электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алайда бірқатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген.

Жалпы қолды болған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт-сағаттан асады. Бұл 50–70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең көрсеткіш.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Олар мүмкін болатын тәркілеу мақсатында сот санкциясымен бұғатталды

Тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу