2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан өңірін электр энергиясымен жабдықтап отырған "Шыгысэнерготрейд" кәсіпорны электр энергиясы үшін тарифті көтергелі отыр, деп жазады yk-kz.
Бұл туралы қоғамдық тыңдау кезінде мәлім болды. Серіктестіктің айтуынша, тариф соңғы екі жыл көлемінде өзгеріссіз қалып келген. Олар тарифті көтеру жөнінде ШҚО бойынша табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне бес рет өтініш берген.
Тариф 1 қаңтардан бастап 5,5% өседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу