Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастаған

350

Қылмыстық іс қозғалды.  

Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастаған Фото: egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылында 51 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің құлағының бір бөлігін кесіп тастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 25 шілде күні болған. Әйелдің ер адамнан бұрын да қорлық көргені хабарланды. 

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылының тұрғынына ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жәбірленушінің 51 жастағы бұрынғы күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – делінген ресми хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу