Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына жағдай жасалмаған

518

Осы санаттағы оқушылармен жұмыс істегендерге қосымша ақы төленбеген.

Шығыс Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына жағдай жасалмаған Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына жағдай толық жасалмаған. Сонымен қатар арнайы кабинеттер мен мамандар жетіспейді. Аймақта осындай мәселемен 80 мектеп анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы ШҚО прокуроры Алмат Байшолақов мәлім етті. 

- Облыс бойынша осындай 10 мыңнан астам бала бар. Оларға білім алуға басқалармен теңдей жағдай жасалуы тиіс, сондықтан бұл мәселенің маңызы зор. Инклюзивті білім алатын балалардың құқықтарының сақталуын тексеру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды, - дейді облыс прокуроры.

Тексеру нәтижесінде облыста түзету кабинеттері, ПМПК, бейімделген білім беру мекемелері жетіспейді, арнайы мектепке дейінгі ұйымдар да талаптарға сәйкес келмейді және ерекше балаларды оқыта алатын педагогтардың тапшылығы байқалып отыр.

Оның айтуынша, үш түзету кабинетінің болмауы салдарынан 441 балаға қолдау көрсетілмеген. 

- 2016 жылдан бастап аймақта есту қабілеті нашар 5 жасқа дейінгі балаларға арналған топтар жоқ. Облыстағы 342 мектептің 80-де ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Екі мектепте 49 қызметкерге осы санаттағы оқушылармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленбей келді, - дейді Алмат Байшолақов.

Аталған барлық бұзушылық бойынша қадағалау актілері енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу