Шығыс Қазақстанда есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

84

Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды.

Шығыс Қазақстанда есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын одан әрі нығайту мақсатында Өскемен қаласында "есірткі граффити" деп аталатын есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен "қоймашы болып жұмыс істеу" туралы ұсыныстар жазылған жазуларға қарсы ауқымды акция өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Акцияға қала прокуратурасының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жастар қозғалысының белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысты.

"Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды. Рейдтердің нәтижесінде ҚК 299-1-бабы "Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау" бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды", – делінген Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу