Шығыс Қазақстанда иіс тиген ана мен бала ауруханаға жеткізілді

551

Аймақтағы әрбір үшінші үйде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайды.  

Шығыс Қазақстанда иіс тиген ана мен бала ауруханаға жеткізілді Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға Глубокое ауданына қарасты Опытное поле кентінде болған. 1975 жылы туған әйел мен оның 2006 жылы туған қызына иіс тиген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйдің мұржасынан түтін тартпай қалған. Дәл осындай оқыс оқиға сол күні Риддер қаласында да болған. Белгілі болғандай иіс тиген 19 жастағы тұрғын ауруханаға жатқызылды.

"Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазірдің өзінде 137 мыңнан астам үйді араладық. Әр отбасында ШҚО ТЖД инспекторлары мен өрт сөндірушілері өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізді. Біздің басты міндетіміз – үйдің әрбір иесіне өрт пен көміртегі тотығымен уланудың алдын алу шараларын ескертеміз", - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Оның айтуынша, рейд барысында әрбір үшінші үйде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмайтындығы анықталды.

"Барлық тұрғын ШҚО ТЖД қызметкерлерінің тұрақты ескерту жұмыстарына қарамастан, үйлерінің мұржасын тазалап, жарқылдаған розетканы жөндемейінше жағдай оңалмайды", - дейді Серік Амангелдин.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға өз өмірін сақтап қалу үшін жылыту маусымында түтін мұржаларын, жылыту пештерін кемінде үш айда бір рет тазалап тұруға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу