Шығыс Қазақстанда қайықтан құлаған балықшы суға батып кетті

219

Оқиға 14 сәуір күні Алтай ауданы Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда қайықтан құлаған балықшы суға батып кетті Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам Ертіс өзеніне балық аулауға барған.

"Белгілі болғандай, ол бұрын орнатылған балық аулау торларын тексеру кезінде қайықтан құлап кеткен. Үстінде құтқару жилеті болмағандықтан қайта шыға алмай суға батты. ТЖД сүңгуірлері сол жерге келіп жетіп, 40 жастағы азаматтың денесін тауып, жағаға алып шықты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына балық аулауға барғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, қайыққа отырғанда құтқару кеудешесін міндетті түрде кию керектігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу