Шығыс Қазақстанда қар астында қалып қалған жылқылар шығарылып жатыр

447

Бұған дейін қар басқан өңірдегі бірнеше ауылда электр жарығы өшкен болатын.

Шығыс Қазақстанда қар астында қалып қалған жылқылар шығарылып жатыр Фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында қалың қарда қалған жылқылар шығарылып жатыр. Бұл туралы Altaynews.kz тілшісі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Марқакөл жақта қалың қар жауып, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі таңда ауылдарға апарар жолдар ашылып, қажетті гуманитарлық заттар мен малға қажетті жем-шөп жеткізіліп жатыр.

Ал бүгін аудан тұрғындары қалың қардың құрсауында қалған жылқылардың да шығарылып жатқанын хабарлады. Жұт болған өңірге облыс орталығынан 20 тонна жем де жеткізілген.

Айтып келмейтін апаттың зардабы өңірде әлі сейіле қоймаған. Тұрғындар түсірген бейнетүсірілімнен жағдайдың енді-енді оңалып келе жатқаны байқалады. Видеолардың бірінен қар құрсауында қалған жылқыларға жылқышылардың жеткенін және олардың жүдеу тартқанын тілге тиек еткенін көруге болады.

"Халық бір-біріне көмектесіп жатыр. Қаладан 20 тонна жем де келіп жетті. Ол әлі таратылған жоқ. Оны қар құрсауынан шығарылған жылқыларға беретін шығармыз. Ауылдарға жол ашылып жатыр. Ал тауда қар құрсауында қалған жылқылар да біртіндеп шығарыла бастады", – дейді өңір ақсақалы Қайырхан Қазыбекұлы.

Тұрғындар бүгін Маралды заставасына тікұшақпен жеткен электрик мамандар электр желілерін жөндеп жатқанын да айтты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу