Шығыс Қазақстанда қар қалыңдығы 100 см-ге жуықтады

459

Өңірде су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен анықталды.

Шығыс Қазақстанда қар қалыңдығы 100 см-ге жуықтады Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында қаңтар айында қар молынан жауды. Бүгінде Алтай ауданында қар қалыңдығы 100 см-ге жуықтаған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты. 

Өңір құтқарушылары су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалып жатыр. "Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының мәліметінше, қардың ең көп мөлшері Алтай ауданында түскен. Ондағы қар қалыңдығы - 96 см. Ал Марқакөл ауданында - 81 см, Риддер қаласында - 56 см жетіп отыр.

- Тарбағатай ауданында жер тоңы - 87 см, Самар ауданында - 75 см, Зайсан ауданында - 66 см құрайды.

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен анықталды. Оның 15-інде қауіп толығымен жойылып, 49-ында барынша азайтылды. Қалған 7 елді мекенде қауіп әлі жойылған жоқ. Олар Глубокое ауданы және Алтай ауданының ауылдары, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Су тасқынына қарсы жол картасы шеңберінде 2023 жылы 5 шара іске асырылған.

- Төтенше жағдай болып жатса халықты эвакуациялау үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 8448 адамды құрайтын 91 уақытша орналастыру пунктін дайындады. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері сапынан 2334 адам, 735 техника, 50 жүзу құралы және 223 мотопомпа әзірленген, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу