Облыстағы таулы аймақтарда қар қалың жауғандықтан мамандар қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Көшкін түскенде кезде жолдар жабық болған.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көшкін қарды бірден тазалаған.
- Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік" тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.
Еске салсақ, 5 қаңтарда дәл осы тасжолдың бойында қар көшкіні жүрген болатын.
Таунар Қайратұлы