Шығыс Қазақстанда қар жауды

958

Алдағы 2-3 күнде тағы да қар жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстанда қар жауды Фото: YK-news.kz

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар жауды. Әлеуметтік желілерде қар жауғаны жайлы фото, видео тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

"12 сәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болды", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы.

Сондай-ақ, Марқакөл, Зайсан, Теректі, Риддер, Катонқарағай метеостанцияларында қатты жауын-шашын түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу