Шығыс Қазақстанда кәріз суы өзенге құйылып ластаған

555

Тазарту құрылғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Шығыс Қазақстанда кәріз суы өзенге құйылып ластаған Фото: ШҚО Экология департаменті

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданның тұрғындары өзен суының ластанып жатқанына наразы. Олардың айтуынша, Белоусовка кентіндегі "Теплоэнергия" КМК-нің тазартылмаған кәріз суы Глубочанка өзеніне құйылып жатқан көрінеді. 

Тұрғындар судың ластануына қарсылық танытып, облыстық Экология департаментіне шағымданыпты. Соған орай мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, сынама алған.

- Нәтижесінде, тұрғындардың шағымы расталды. Тазарту құрылғыларына жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, коммуналдық мекеменің нашар материалдық-техникалық жарақтандырылуы осындай жағдайға әкеліп соққан. Глубочанка өзеніне құйылып жатқан судан алынған сынаманы химиялық зерттеу барысында хлоридтер рұқсат етілген шекті деңгейден 1,4 есе, сульфаттар 1,5 есе, аммоний тұзы 33 есе, нитриттер 4,4 есе және фосфаттар 12,1 есе асып кеткені анықталды, - дейді облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында мекемеге тазарту құрылғыларының техникалық жағдайын бағалау және олқылықтардың орнын толықтыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігі туралы ұйғарым шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу