Шығыс Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлеріне 12 млн-нан аса жалақы төленбеген

202

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Шығыс Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлеріне 12 млн-нан аса жалақы төленбеген Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы төленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, "Шығысстройгруп" ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған. 

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетілген. Нәтижесінде, банкрот деп танылған кәсіпорынның мүлкі сатылып, қызметкерлерге төленбей келгент қарыз толығымен өтелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу