Шығыс Қазақстанда қатты желдің салдарынан тұрғындар жарықсыз қалып, кей жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкетіп, әбігерге салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Риддерде барлығы 1 237 үй жарықсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық арасында зардап шеккен ешкім жоқ.
– Жедел әрекет ету штабы құрылды. Барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтардың өтініштері кешіктірілмей қарастырылуда, – деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Қатты желден Ұлан ауданы мен Өскемен қаласындағы әлеуметтік нысандарға да зақым келтірді. Мәселен Өскемендегі "Халифа Алтай" мешітінің күмбезін сындырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу