Шығыс Қазақстанда қазақ тілін үйрететін "қонақ отбасы" жобасы іске асырылмақ

1239

Баланы қабылдайтын әрбір отбасы 181 мың теңге алады.  

Шығыс Қазақстанда қазақ тілін үйрететін "қонақ отбасы" жобасы іске асырылмақ Фото: Мерей Қайнарұлы

Биыл Шығыс Қазақстанда 500-ден астам бала бір ай қонақ отбасыларда тұрып, ауызекі қазақ тілін үйренетін болады.

Жоба еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі - Қатонқарағай ауданында өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Осы жазда біз үлкен үміт артатын екі маңызды пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біріншісі - жазғы лагерьлер, екіншісі - Еуропа елдерінің үлгісі бойынша "қонақ отбасы" жобасы. Бұл пайдалы тәжірибенің арқасында 500-ден астам бала 30 күн қонақ отбасыларда тұрып, ауызекі қазақ тілін үйренетін болады. Біз Қатонқарағайды басым аудан ретінде таңдадық, өйткені мұнда оқыту үшін ғана емес, нәтижелі және пайдалы демалыс пен сауықтыру үшін де мүмкіндіктер бар. Балалар туған өлкенің тарихы мен дәстүрлері туралы көбірек біле алады, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Енді білім басқармасы мен аудан әкімдері санитарлық жағдайдан бастап үйдегі психологиялық жағдайға дейін барлығы ескерілген, қолайлы отбасыларды іздейтін болады. Ал, баланы қабылдайтын әрбір отбасы 181 мың теңге алады.

"Тілді оқытуды ғана емес, сонымен қатар экскурсияларды, дәстүрлі ойындарды және тағы басқаларды қамтитын бағдарламаны әзірлеу қажет. Мұның бәрін осы жылдың маусымына дейін жасау керек. Бұдан басқа, өңірде мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына арналған екі тілде кітаптар әзірленді. Көптілділік бағдарламасы сөзсіз жалғасады, өйткені ол жақсы нәтиже көрсетеді", - дейді аймақ басшысы.

Қазір облыста көптілділік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруға баса назар аударылуда. Қайта оқытудан 876 қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу