Шығыс Қазақстанда кенеден зардап шеккендердің саны азаймай тұр

415

Кене шаққан адамдардың басым бөлігі Өскемен қаласының тұрғындары. 

Шығыс Қазақстанда кенеден зардап шеккендердің саны азаймай тұр Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысында биыл алты адам кене энцефалитімен ауырды.  

Ал ресми дерек бойынша аймақта 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. 

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кенеден зардап шеккендердің басым бөлігі Өскемен қаласының тұрғындары екен. 

- Содан бері 3083 адамды кене шақты. Кенеден зардап шеккендердің ең көбі Өскемен қаласында (44 пайыз), одан кейін Риддерде (21 пайыз), Алтай ауданында (12 пайыз) және Катонқарағай ауданында (11,5 пайыз), - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің "жоғары" аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

- Алты адам кене энцефалитімен ауырды. Олар Таулы Үлбі ауылының, Риддер қаласының, Каменка және Урунхайка ауылдарының тұрғындары. 6 адамның тек біреуі ғана дер кезінде медициналық көмекке жүгінген, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу