Шығыс Қазақстанда көлік шинасын ауыстырмағандарға айыппұл салынады

622

Полиция қыс айларында жазғы шинамен жүргендерге айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстанда көлік шинасын ауыстырмағандарға айыппұл салынады Фото: logist.today

Кеден одағының 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті бойынша қыста (желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында) қысқы шина салынбаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылуға тиіс. Оның арнайы таңбасы, сондай-ақ "М+S", "M&S", "M S" белгісі болады.

Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет. Қыс мезгілінде жазғы шинамен жүргендер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 5-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу