Жақында Самар ауданы Көкжота ауылында бір отбасының 18 қойын қорада тұрған жерінінен жарып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауылға жеткен аңшылар бригадасы жыртқыштың ізін тауып, топ қасқырды атып алды. Дегенмен аңшылар соңғы үш жылда олардың тым көбейгенін айтады.
Биыл түз тағысы, тіпті қалаға жақын ауылдардың маңында жүр. Кейде тіпті ауыл ішіне де кіріп кеткен жағдайлар болған. Өйткені қар қалың болғандықтан таудағы аң құстың бәрі етектегі орман арасында. Аңшылар қасқырды тікұшақпен әуеден барлау қажеттігін айтады.
Ал ауыл тұрғындары қорадағы ұсақ малдың бәрін қырып кете ме деп қорқады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу