Семейде ядролық медициналық орталық ашылады

1138

 Семейде ядролық медициналық орталық ашылады

Шығыс Қазақстанда медициналық робот техникасы орталығы ашылмақ. Бұл туралы облыстық маслихат сессиясында Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған үшжылдық кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 

Алдағы таңда межеге алынған жоспарлардың бірі – Қазақстандағы тұңғыш робот техникасы орталығын ашу. 

"Дәрігерлер үшін жаңа мүмкіндікке бастайтын жоба. Олардың жоғары біліктілігі іс жүзінде тәжірибеде қолданылғаны қажет. Облыста сонымен қатар, трансплантология орталығын да ашу қажет", - деді Даниал Ахметов. 

Облыста онкология, қан айналым жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау, травматология сияқты маңызды бағыттар бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама да жемісті нәтижесін беруде. 150 маман ағылшын тілін меңгеріп, олардың дені шетелдік жетекші оқу орындарында машықтанудан өтіп жатыр.

Даниал Ахметов атап өткендей, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі ұлғаймаса, қысқармайды. Бірнеше жылда Шығыста сапалы, жаңа бағыттағы медицина қалыптасады. Жаңа мекемелер ашылады, оның ішінде Семейдегі ядролық медициналық орталық бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу