Шығыс Қазақстанда мүлде арақ ішпейтін 4 ауыл бар

845

Халқы ішімдік ішуден бас тартқан бұл ауылдарда бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда мүлде арақ ішпейтін 4 ауыл бар Фото: canva.com

Ал қылмыстардың басым бөлігі мас күйде жасалатыны белгілі.

Өткен жылы Шығыс Қазақстандағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына барлығы 5 мыңнан астам адам орналастырылған. Ішімдікке тәуелді 370-ке жуық адам емдеуге жіберілген.

"Оңалту курсынан өткеннен кейін оларды учаскелік инспекторлар тұрақты түрде тексереді, қылмыскерлердің арбауына түсіп қалмауын және өздері заңбұзушылық жасамауын қадағалайды. Сонымен қатар полицейлер заңсыз ішімдік саудасына тосқауыл қою жұмыстарын қолға алған. Бір жыл ішінде облыста 16,5 тонна спирт өнімі тәркіленген, 205 адам оны заңсыз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", – делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгінде өңір бойынша төрт ауыл тұрғындары арақты татып алмайды:

  • Катонқарағай ауданындағы Көкбастау,
  • Күршім ауданындағы Теректібұлақ,
  • Ұлан ауданының Жанұзақ,
  • Тарбағатай ауданының Байтоғас ауылдары.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу