Шығыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен бала құтқарылды

372

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында мұз астына түсіп кеткен бала құтқарылды.

Шығыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен бала құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Оқиға Курчатов көшесі маңындағы батпақты жерде болған. 2017 жылы туған бала жұқа мұздың үстімен жүріп, суға түсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары баланы судан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Суық суға түскен баланың денесі қатты тоңған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу