Шығыс Қазақстанда мұз ойылып, трактор суға батып кетті

646

Абырой болғанда жүргізуші көліктен шығып үлгерген.

Шығыс Қазақстанда мұз ойылып, трактор суға батып кетті Фото: Видеодан скриншот

Бүгін әлеуметтік желіде "Қызыл ту" өткеліндегі мұз ойылып, трактордың суға батып кеткен видеосы тарады. 

Видеодан трактор жүргізушісінің шығып үлгергенін де көруге болады. Абырой болғанда жүргізуші шығып үлгерген.

Облыстық поиция департаментінің баспасөз қызыметі аталған оқиға жайлы ешкім хабарласпағанын айтуда. Десе де, тексеру жұмыстарын бастаған. Желі қолданушылар "Қызыл ту" өткеліндегі көпір құрылысын тездетпесе, бұндай оқыс жағдайлар азаймайтындығын айтуда.

Айта кетейік, бұған дейін құзырлы органдар "Қызыл ту" өткеліндегі мұз жолымен жүруге тыйым салынғанын хабарлаған болатын. 

- Ауа-райының күрт жылынуы, мұзда жарықтардың пайда болуына және өткел бетіне еріген қар суы шығып кетуіне байланысты сағат 12.00-ден астам "Қызыл Ту" өткеліндегі мұз арқылы жол барлық көлік түрлері үшін жабылды, - делінген хабарламада.

Енді қозғалыс Үлкен Нарын, Алтай арқылы жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу