Шығыс Қазақстанда оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы видеоға қатысты полиция түсінік берді

135

Оқиға Ұлан ауданы Герасимовка ауылында болған.   

Шығыс Қазақстанда оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы видеоға қатысты полиция түсінік берді Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы видео тарап кетті. Соған қатысты полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін бір топ жасөспірімнің арасындағы әлімжеттік туралы видео әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түсті.

Алайда, ШҚО полиция департаментінің өкілдері видеоның осыдан 2 жыл бұрын түсірілгенін мәлім етті.

– Видео 2023 жылы Герасимовка орта мектебі аумағында түсірілген. Сол кезде оқиғаға қатысушылармен және басқа да оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл жасөспірімдермен мектеп психологы жеке сөйлесті. Қазір олардың екеуі 10-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр. Ал қалғандары колледждер мен университеттерге оқуға түсіп кетті, – делінген ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу