Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздік талаптарын бұзған мектептер анықталды

516

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты 742 факті тіркелді.

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздік талаптарын бұзған мектептер анықталды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстандағы кейбір мектептер өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған. Қазірдің өзінде қауіпсіздік талаптарын бұзудың 700-ден астам фактісі тіркеліп отыр. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жаңа оқу жылының қарсаңында мектептердегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізді.

- Объектілер аумағының, ғимараттарға кірме жолдардың, өртке қарсы сумен жабдықтау, өрт автоматикасы, эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, жарықтандыру, электр жабдықтарының жарамдылығына, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды. Анықталғандай, көбінесе эвакуация жолдарының бөгде заттармен бітелуіне байланысты бұзушылықтар, өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттамадағы кемшіліктер, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болмауы жиі кездеседі. Өрт инспекторларының ұсынымдарын мектеп әкімшілігі оқу жылы басталғанға дейін орындауға міндетті, - дейді ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Жыл басынан бері облыс бойынша 180 мектепке осындай тексеру жүргізілген. Соның нәтижелеріне сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты 742 факті тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу