Шығыс Қазақстанда өзендерде мұз жару жұмысы жүріп жатыр

347

Мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрге жеткен.

Шығыс Қазақстанда өзендерде мұз жару жұмысы жүріп жатыр Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка ауылы маңында, Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында 8208 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған аумақта жару жүргізілген жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.

"Жүргізілген жұмыс өзеннің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді", – деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу