Шығыс Қазақстанда пойыздар тоқтайтыны туралы ақпарат жалған болып шықты

914

Пойыздар тоқтамайды! Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі  теміржол көлігін шектеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Шығыс Қазақстанда пойыздар тоқтайтыны туралы ақпарат жалған болып шықты

Мәлімдеулерінше, өңірде эпидахуал күрделі кезде "жолаушылар тасымалы" компаниясына хат жолданған. Онда Өскемен қаласындағы үш станцияның екеуінде отырғызып-түсіруді уақытша тоқтатуды сұраған. Бұл әсіресе Алматы мен Астана бағытына қатынайтын пойыздарға қатысты. Бір ай өткен соң, теміржол компаниясы өтінішті қанағаттандырды. Бірақ өңір әкімдігі мұның енді маңыздылығы жоқ деп отыр. Сондықтан, аймақта пойыздың тоқтайтыны туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу