Шығыс Қазақстанда полиция департаменті бастығының орынбасары қайтыс болды

438

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шығыс Қазақстанда полиция департаменті бастығының орынбасары қайтыс болды Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты. Оның соңғы атқарған қызметі – Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу