Шығыс Қазақстанда полиция 3 мыңнан астам сайтты бұғаттады

164

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, күмәнді интернет-сайттар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Шығыс Қазақстанда полиция 3 мыңнан астам сайтты бұғаттады Фото: canva.com

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарын ұсынатын және порнографиялық сипаттағы сайттарды бұғаттап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бұл бағыттағы жұмыстар біршама күшейтілді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңға қайшы контентпен күресу мақсатында полицейлер интернет кеңістікті белсенді түрде қадағалап келеді.

Өткен жылы тыйым салынған ақпаратты таратқан 1 770 сайт анықталып, бұғатталды. Бұғатталғандардың ішінде есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық сипаттағы материалдар мен заңсыз онлайн-казино орналастырылған сайттар бар.

Ал жыл басынан бері бұғатталған сайттардың саны 3 мыңнан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу