Шығыс Қазақстанда пробация қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды

105

Пробация қызметкері 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Шығыс Қазақстанда пробация қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды Фото: uralskweek.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың сәуір айында болған. Ұлан ауданының пробация қызметкері сотталған адамнан 400 мың теңге көлемінде пара талап еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Себебі оған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылу қаупі бар еді. Осыны болдырмау үшін инспектор материалдардың сотқа жіберілмеуіне көмектесетіндігін айтып, уәде берген", – делінген ақпаратта.

Пробация қызметкері ақшаны алып жатқан кезде оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады.

"Сот барысында прокурор инспекторды 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Десе де, Ұлан аудандық сотының шешімімен айыпталушы 12 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар ол капитан шенінен айырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу