Шығыс Қазақстанда робот-иттер қоғамдық тәртіпті күзетіп жүр

283

Робот-иттер белгіленген аумақты патрульдеп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізе алады. 

Шығыс Қазақстанда робот-иттер қоғамдық тәртіпті күзетіп жүр Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция жаппай іс-шара кезінде алғаш рет робот-иттерді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге пайдаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа технология Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде өткен "Nomad Álemi" заманауи көшпенділер мәдениеті фестивалінде сынақтан өткізілді.

Робот-иттер белгіленген аумақты патрульдеп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізе алады. Олар бейнежазбаларды талдап, адамның бет-әлпетін тануға қабілетті. Жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде полицияның Жедел басқару орталығына жіберіледі.

Сонымен қатар роботтар жарық сигналдары және дауыстық ескерту жасауға арналған дауыс зорайтқыштармен жабдықталған.

Полицияның мәліметінше, робот-иттер дәстүрлі патрульдердің жұмысын толықтырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен оқиғаларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу