Шығыс Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды

276

"Таза Қазақстан" жобасы аясында аумақтарға тексеру жүргізілді.  

Шығыс Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды Фото: gov.kz

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының өкілдері қатысты.

Тексеру барысында Меновное және Аблакетка елді мекендері аумағында санитарлық жағдайға кері әсер ететін рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері анықталды.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша жергілікті атқарушы органға абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кемшіліктерді жою жөнінде ұсыным енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті экологиялық талаптарды сақтау мен қоғамдық тазалықты қамтамасыз ету әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салды.

Ведомство өкілдері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу